«Шахмат» клубының атауы өзгерді

Қостанайдағы «Шахмат» клубының атауы өзгерді. Енді ол «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» деп аталады.

Сала мамандарының айтуынша, соңғы кезде Қостанайда шахматқа қызығушылық танытатын жасөспірімдер қатары көбейген. Сәйкесінше, ынталы өрендерге арнайы курстар мен дәрістер өткізу де жүйелі жолға қойылған. Әлрами Алдабергенов, шахматтан ҚР чемпионатының қола жүлдегері. Шахмат мектебіне 2010 жылы келген. Дегенмен 3-4 жасында ережелерден хабары болмаса да, досымен осы ойынға әуес болғандарын айтады. Қазіргі таңда клубта 8 топта 95 бала шахмат ойынынан сабақ алады. Араларында республикалық, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары да аз емес. Аталмыш мектептің шахматшылары осы жылы өткен Азия чемпионатына қатысып, жақсы нәтижелер көрсеткен. Жаттықтырушы мен мектептің қолдауын сезіну ойыншылар үшін маңызды дейді, шахмат метебінің оқытушысы. Клубта тек жас өрендер ғана емес, аптасына 2 рет үлкен кісілер де тегін жаттыға алады. Олар үшін арнайы шахмат турнирлері де ұйымдастырылып тұрады.

Источник: kostanaytv.kz

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий